Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Такси жүргізушісінің көлігін айдап кеткен талдықорғандық азамат ұсталды

Такси жүргізушісінің көлігін айдап кеткен талдықорғандық азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 маусымға қараған түні Талдықорған полицейлеріне жергілікті тұрғын келіп, өзіне тиесілі Mitsubishi Galant көлігін айдап кеткендігі жайлы мәлімдеді. Белгілі болғандай, көлік иесі жеке тасымалдаумен айналысады. Күдікті шетелдік көлікті көпқабатты үйлердің бірінде жүргізуші екінші жолаушыны күтіп тұрған кезде айдап кеткен.Көше қиылыстарында орнатылған бейнекамералардың көмегімен патрульдік полиция қызметкерлері көліктің ізіне түсіп, тұрған жерін анықтап, көлікті айдап әкеткен адамды ұстады. Ол Талдықорған қаласының 18 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көлік заңды иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру