Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорған полицейлері оқушылар мен студенттерге құқықтық дәрістер өткізді

Талдықорған полицейлері оқушылар мен студенттерге құқықтық дәрістер өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығының білім беру мекемелерінің оқушылары мен студенттеріне кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасағаны үшін көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды.

– Кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін, парасаттылығын және заңға бағынатын мінез-құлқын тәрбиелеу – полиция жұмысындағы басым бағыттардың бірі. Жас кезінен бастап жастарға ойланбастан жасалатын әрекеттердің салдары туралы түсіндіру маңызды. Біз оқушыларды заңдылық пен тәртіпті сақтауға, басқалардың қателіктерін қайталамау үшін бір-біріне және айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырамыз, – деп атап өтті ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Аида Белгібаева.

Кездесу барысында оқушыларға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың ең көп таралған түрлері туралы айтылып мысалдар келтірілді және құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қандай жаза түрі болатынын түсіндірілді.

– Мұндай кездесулер тұрақты негізде өткізіледі, сонымен қатар біз кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен де кездесулер ұйымдастырамыз, себебі балаларды тәрбиелеу бірінші кезекте отбасыдан басталады, – деп толықтырды А. Белгібаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру