Алматыда сотталған жасөспірімдер Республика күнін атап өтті
Алматыда сотталған жасөспірімдер Республика күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласындағы №11 мекемедегі жазалы жасөспірімдер Республика күні қарсаңында Отанға деген патриоттық сезімдерін жүрекжарды өлеңдері арқылы жеткізді. Олар туған жер, тәуелсіз еліміз туралы өлең шумақтарын құрастырып, оған бейбітшілік пен еліміздегі ұлттар достығын, Қазақстанның бай табиғатын арқау етті.
Балалардың бұл күнді мазмұнды өткізуіне Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Рахым Мухамтәлина мен Еркінбек Ажар зор үлес қосты. Олар балаларды Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістерін баяндайтын кітаптармен таныстырып, ел тарихындағы елеулі оқиғалар туралы сұрақтар қойды.
Сондай-ақ балалар үшін танымдық викторина өткізіліп, белсенді қатысушыларға кітаптар мен естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шараның соңында балалар кітапханашылар дайындаған кітап көрмесін тамашалап, белсенді жазасын өтеуші жасөпірімдер мақтау қағаздарымен марапатталды.
Кітапханашылардың сотталған балалар арасында мұндай мазмұнды іс-шара ұйымдастыруы олардың ой-өрістерін кеңейтіп, ел тарихымен жете танысуларына зор ықпал етті.
