Алматыдағы балалар колониясында "Кітап оқуға құштарлық!" тақырыбында әдеби кеш өтті
Алматыдағы балалар колониясында "Кітап оқуға құштарлық!" тақырыбында әдеби кеш өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазалы жасөспірімдер арасында өткізілген іс-шараға Жамбыл атындағы қалалық жасөпірімдер кітапханасының қызметкерлері Рақым Мұхамедәли мен Шарайна Құмарова әділқазылық етті.
Білім сайысына қатысқан балалар өздері оқыған әр шығарманың тарихын, оның адамға үлгі болатын тұстары жайлы әңгімеледі.
Өлеңді мәнерлеп оқып, оқыған кітаптарын әсерлі әңгімелей алуы олардың тілге тиек етіп тұрған шығарманы түсініп оқығандарын айқындап тұрды.
Олар ұлы Абайдың, М.Әуезов, Б.Соқпақбаевтың және А.Сүлейменовтің, сондай-ақ детектив шебері Агата Кристи сияқты жазушылардың шығармаларымен қатар қазіргі заман әдебиетінің өкілдерін де шет қалдырмады.
Іс-шара соңында мекеме басшылығы осындай мағыналы іс-шара ұйымдастырған кітапханашыларға алғыс білдірді.
