Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада аккумулятор ұрлығы ашылды

Астанада полицейлер екі аккумуляторды ұрлады деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, таңертең ер адам Shacman көлігінің аккумулятор орналасқан бөлігін ашқан. Кейін екі аккумуляторды кезекпен алып шыққан. Ол әр аккумуляторды алғаннан кейін қайта оралып, келесісін алып кеткен.

Ұрланған мүлікті ер адам кейін техникалық қызмет көрсету станцияларында кезекпен сатып, одан түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Келтірілген материалдық шығын көлемі 200 мың теңгені құрады.

Күдіктінің жеке басы бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы анықталды. Ер адам елорда аумағында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция көлік иелеріне қосымша қауіпсіздік шараларын сақтап, мүлікті тиісті қорғаныссыз қалдырмауды ескертеді. Сенімді бекіткіштер мен қосымша ұрлыққа қарсы құрылғыларды пайдалану осындай ұрлықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру