Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Пранк жасағым келді": Абай облысында 9 жасар бала ата-анасынан жасырынған

Абай облысының Мақаншы ауданында 9 жастағы оқушы ата-анасын алдамақ болып, өз үйінің ауласындағы шаруашылық құрылысына жасырынып қалған. Полиция оны іздеу жұмыстары басталғаннан кейін 10 минуттан соң тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Төртінші сынып оқушысы сағат 13:00 шамасында мектепке кеткен, алайда сабақтан кейін үйіне оралмаған. Анасы ұлын өздігінен іздей бастаған. Шамамен сағат 20:30-да үйдің маңынан "мама, папа, мені іздемеңдер, бір күні қайтып келемін" деген жазбаны тауып алған.

Туыстары дереу полицияға хабарласқан. Оқиға орнына келген полицейлер бірнеше топқа бөлініп, аулалар мен жақын маңдағы аумақтарды тексеруге кіріскен.

Арада 10 минут өткенде бала өз үйінің ауласындағы шаруашылық құрылыстан өзі шыққан. Белгілі болғандай, ол мектептен кейін үйіне келіп, сол жерге тығылып, ұйықтап қалған. Бала полицей көліктерінің сиренасының дауысынан оянған.

Тоңып қалған әрі қорыққан оқушы бірден анасына барған. Ол ата-анасына "пранк" жасағысы келгенін түсіндірген.

Полиция ата-аналарды балаларға қауіпсіздік ережелерін үнемі ескертіп, мұндай "әзілдердің" ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін түсіндіруге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру