Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“SOS” дабыл түймесі шұғыл жағдайларда көмекке келеді

Павлодар облысында биыл “SOS” дабыл түймелері арқылы тұрғындардан 29 өтініш түсті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Төтенше жағдайларда жедел көмек шақыруға арналған қауіпсіздік жүйесінің маңызды элементтерінің бірі – “SOS” дабыл түймелері. Олар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Бейнекамера арқылы бейнетүсірілім жүргізіледі, ал орнатылған динамиктер полиция қызметкеріне азаматпен аудиобайланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Павлодар қаласында демалыс орындары мен адам көп жиналатын аумақтарда полицияны жедел шақыруға арналған 20 арнайы “SOS” дабыл түймесі орнатылған. Құқыққа қайшы әрекеттер немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде азаматтар құрылғыдағы түймені басу арқылы полицияның жедел басқару орталығының қызметкерімен іс жүзінде бірден байланыса алады.

Жыл басынан бері “SOS” түймелері арқылы облыс тұрғындарынан 29 өтініш келіп түскен.
Негізгі шақыртулар әкімшілік сипаттағы құқық бұзушылықтарға байланысты. Олардың қатарында тыныштықты бұзу, көшеде мас күйінде жүру, қоқыс тастау, жол жүрісі қағидаларын бұзу және басқа да құқық бұзушылықтар бар.

Құқық бұзушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, сондай-ақ әкімшілік сипаттағы тиісті шаралар қабылданады.

Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын қылмысқа немесе құқық бұзушылыққа куә болған жағдайда, күдікті адамды немесе көлік құралын мас күйінде басқарып келе жатқан жүргізушіні байқасаңыз, полицияға дереу хабарлауға шақырады. Мұндай құрылғыларды пайдалану азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын барынша қысқа мерзімде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру