Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында интернет-алаяқтық қылмысы төмендеді

Жетісу облысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — интернет-алаяқтық және азаматтардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігіне арналған брифинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері облыста 289 интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Киберполиция мен әкімшілік полиция бөлімшелерінің жүйелі профилактикалық жұмысының нәтижесінде бұл қылмыс түрінің саны 14,5% төмендеді.

Брифинг барысында дропперлікке ерекше назар аударылды. Банк картасын, шотты немесе жеке деректерді үшінші тұлғаларға күмәнді операциялар жасау үшін беру — оңай ақша табу емес, қылмыстық схемаға қатысу. Мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Сондай-ақ мамандар балалар мен жасөспірімдердің интернет кеңістігінде тап болуы мүмкін қауіптерге тоқталды. Атап айтқанда, буллинг, кибербуллинг, сталкинг және сваттингтің алдын алу мәселелері сөз болды. Жаңа оқу жылы қарсаңында полиция ата-аналарды балалармен цифрлық қауіпсіздік және құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы жиі сөйлесуге шақырады.

Полиция банк және мемлекеттік орган қызметкерлері SMS-кодтарды, құпиясөздерді, банк картасының деректерін сұрамайды. Сондай-ақ олар азаматтардан ақшаны "қауіпсіз шоттарға" аударуды талап етпейді.

Оңай ақша табу туралы күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз, жеке деректеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз және ақпараттың анықтығын тексеріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру