Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер тергеудегі цифрлық жаңашылдықтармен танысты

СҚО-да полицейлер тергеудегі цифрлық жаңашылдықтармен танысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Жақыпбек Жүнісбек ҚР Ішкі істер министрлігінде біліктілікті арттыру курсынан өтті. Оқу бағдарламасы цифрландыру жағдайындағы тергеу қызметінің өзекті мәселелеріне арналды.

СҚО ПД тергеу бөлімшелерінің басшылары және жеке құрамымен өткен кездесуде полиция майоры Жақыпбек Жүнісбек ІІМ-нің тиісті талаптары мен нұсқауларын жеткізіп, тергеу жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық шешімдер туралы баяндады.

Солардың бірі – қазіргі уақытта елорда полицейлері сынақтан өткізіп жатқан "Тергеушінің көмекшісі" жасанды интеллект жүйесі.

Бұл жүйе күнделікті қайталанатын жұмыстардың бір бөлігін автоматтандырып, тергеушілердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Мәселен, полицияға арыз түскен сәттен бастап тергеу әрекеттерінің жоспарын құруға көмектеседі.

Интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстық істерді тергеу кезінде банк аударымдарын талдау көп уақытты қажет етеді. Адам бірнеше күнде орындайтын бұл жұмысты жасанды интеллект бірнеше минут ішінде атқара алады.

Цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға басымдық берілген кезеңде полицейлер қызмет сапасын арттыруға және "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайтуға бағытталған заманауи технологиялық құралдарды белсенді меңгеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру