Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан 1500-ге жуық түп көкнәр тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан 1500-ге жуық түп көкнәр тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында жедел ақпарат негізінде өз үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдік өсірген жергілікті тұрғынды анықтады. 

Тәртіп сақшылары егде жастағы тұрғынның тұрғылықты мекенжайын тінту барысында ауласынан құрамында көкнәр есірткісіне ұқсас өсімдік бар 1479 түп тәркіледі. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес құрамында есірткі заты бар түптер көкнәр болып шықты.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру