Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облыстық ПД-да үздік қызметкерлер марапатталды

Павлодар облысының полиция департаментінде ювеналдық полицияның 31 үздік қызметкері марапатқа ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПД бастығының бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін “Қазақстан полициясына 30 жыл” төсбелгісімен 11 қызметкер марапатталды, олардың ішінде Руслан Сүлейменов, Арай Төлемісова, Гаухар Рахимгожина, Тахир Қалимолдинов, Айнагүл Ахметова және Сандуғаш Омарова бар.

Полиция қызметкерлері Әсия Әлкеева, Оксана Фогель, Ия Балғожинова, Есенбек Тоқтарбеков грамоталармен марапатталды. Облыстың ювеналдық полициясының төрт қызметкеріне алғыс хат табысталды.

– Сіздерге балалармен жұмыс істеу сеніп тапсырылады. Жасөспірімдермен жұмыс істеу үлкен назар аударуды және мінез-құлықты түзетуді қажет етеді. Сіздерге қиын қызметте сәттілік тілеймін және жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде таңдалған жолды берік ұстаңыздар, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Данияр Бек.

Полиция ведомствосының басшылығынан басқа, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудағы бірлескен жұмысы үшін Павлодар қаласы білім бөлімінің грамотасымен Руслан Сүлейменов пен Әсия Әлкеева марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру