Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында бопсалауға қатысы бар күдіктілер қамауға алынды

Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері бопсалау фактілеріне қатысы бар деген күдікке ілінген адамдар тобын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Анықталғандай, күдіктілер бір ай бойы Павлодар қаласының тұрғындарынан ақша талап еткен. Ақша бермеген жағдайда оларға күш қолданатынын және дене жарақатын келтіретінін айтып қорқытқан.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел қызметкерлер күдіктілердің жеке басын анықтап, алты адамды ұстады. Олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сондай-ақ ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру