Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полиция табиғатты қорғау заңнамасын бұзған азаматтардың жолын кесті

ШҚО-да бір апта ішінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 45 фактісі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өңірдің жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, жануарлар мен балықтарды заңсыз аулауға жол бермеу, сондай-ақ орман қорын сақтау.

Алғашқы аптаның өзінде полицейлер 45 құқық бұзушылықты анықтады. Оның 27-сі аң аулау қағидаларын бұзуға, 17-сі балық аулау қағидаларын бұзуға қатысты. Тағы бір дерек ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдауға байланысты тіркелді.

Барлық дерек бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 382, 383 және 381-1-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексерулер заңсыз аң аулау мен балық аулау орын алуы мүмкін аумақтарда, сондай-ақ басқа да табиғи аймақтарда жүргізілуде. Полицейлер құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, азаматтарға аң аулау және балық аулау қағидаларын түсіндіріп, табиғатқа ұқыпты қараудың маңызын еске салады.

"Браконьер" жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Полиция облыс тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға шақырады. Өйткені туған өлкенің табиғи байлығын сақтау – баршамызға ортақ міндет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру