Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы бұқара қауымға үндеу жасады

Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы бұқара қауымға үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған айлық шеңберінде есірткі қылмысы мен нашақорлықтың алдын алу мақсатында Қызылорда облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан көптеген профилактикалық іс-шара жүзеге асырылып жатыр. Полиция қызметкерлерімен айлық басталғалы 75 түрлі іс-шара өткізілсе, БАҚ мен әлеуметтік желілерде 312 жариялым жасалды.

– Нашақорлық – адам өмірін жалмайтын қауіпті дерт. Онымен күресте барлығымыз бірге күш біріктіруіміз керек, – деп бастады өз үндеуін Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Ілияс Жұмағұлов.

Сонымен қатар ол балаларға отбасыда дұрыс тәрбие беріп, денсаулыққа назар аударып, адами қасиеттерді ұмытпай, жаман әдеттерден аулақ болуды үйрету керектігіне назар аударды. Жастық шақты ғасыр дертімен уламай, жан-жақты ізденіп, тұлғалық қалыптасуға бет бұрып, болашақтың іргетасын бірге қалауға шақырды.

І.Жұмағұловтың бастамасын облысымыздың түрлі сала уәкілдері мен батыр аналар және ақсақалдар қолдап, жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру