Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД жұмыс кездесуін өткізді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмаларын орындау мақсатында, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД жұмыс кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы мекемелерінің аумағында өндірістік қызметті жүзеге асыратын шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бірлескен жұмыс шеңберінде, кеңеске мамандандырылған прокуратураның прокуроры және шағын, орта бизнес өкілдері қатысты.

Кездесу барысында мекемелерді қайта бейіндеу мәселелері, сондай-ақ жабық мекемелердегі ЖК, ЖШС қызметі барысында туындайтын проблемалық мәселелер қаралды.

– Мекемелерде жаңа өндірістер ашу арқылы сотталғандар өнеркәсіптің түрлі салаларында жаңа қабілеттерге ие болады және бұрын алған дағдыларын бекітеді. Шектеулі мүмкіндіктерге қарамастан, білімдерін ұлғайтуға, ойлау тәсіліне әсер етуі, бұл одан әрі босатылғаннан кейін оларға пайдалы болатыны сөзсіз”, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Руслан Ғабибов.

Пенитенциарлық жүйенің мекемелеріндегі еңбек – бұл сотталғандарға ақша табуға, уақыт өткізуге мүмкіндік беру тәсілі ғана емес, сонымен қатар оларды түзетудің ең маңызды факторы.

Аталған іс-шара Алматы және Жетісу облыстарының кәсіпкерлері мен мекемелері арасындағы өзекті мәселелерді шешу және одан әрі ынтымақтастық мақсатында өткізілді.

Сотталғандардың еңбекпен қамтылуын арттыру мақсатында тұрақты негізде түзеу мекемелеріне бизнесті тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру