Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері қайырымдылық науқанын өткізді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №49 мекеме басшылығының бастамасымен және жеке құрамының қолдауымен Құрбан айт мерекесінде қайырымдылық науқаны өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Науқанға мекеме басшылығы және қызметкерлері белсенді қатысты.

Алматы облысының Заречный ауылының әкімдігінен көмекке мұқтаж отбасы тізімдерін алып, мекеме ұжымы қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге тырысты.

Өз алдына, науқан аясында көмек алған отбасылар мекеме ұжымына алғыстарын білдірді.

– Құрбан айт кезінде қайырымдылық науқаны біздің мекемеде жыл сайынғы дәстүрге айналды. Науқан барысында, мекеме қызметкерлері қайырымдылық шарасына өз үлестерін қосып, мұқтаж отбасыларын қуантты, – деп атап өтті №49 мекеме бастығы Марат Бостукбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру