Павлодарлық полицей NOMAD ММА турнирінде алтын жүлдеге ие болды
Павлодарлық полицей NOMAD ММА турнирінде алтын жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласында Қазақстан Республикасының кубогы және аралас жекпе-жектен “NOMAD ММА” республикалық турнирі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 91 келі салмақ дәрежесінде Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкері Руслан Костоев алтын жүлдегер атанды.
– Тез ойлану, позицияны сезіну және қарсыласын алдауға, түсінуге жылдамдық керек. Сіз бірнеше секундқа кешігіп қалсаңыз, позицияны жоғалтып алуыңыз мүмкін. Бірақ ең мықты қарсыластарға қарамастан, мен мүмкіндігінше көп жекпе-жекте жеңіске жетуге тырыстым, – дейді Руслан.
Айта кетейік, Руслан тек республикалық ғана емес, халықаралық турнирлерде де жеңіске жеткен тәжірибелі күрескер. Спортпен бала кезінен айналысады. Шамамен 10 жылдан бері Джиу-Джитсу және грепплингпен, “ВЕК ТЕАМ” академиясының бас жаттықтырушысы Зайырбек Әбілқадыров пен ММА бойынша Павлодар облысының аға жаттықтырушысы Ринат Сыдықовпен жаттығыды.