Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаркентте жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысты

Жол-көлік оқиғасы 30 маусымда Жаркент қаласында Toyota Camry және Volvo ауыр жүк машинасының қатысуымен тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соқтығысу кезінде екі көлік те жанып кетті. Оқиға орнында 37 жастағы ер адам қаза тапты. 

Түнде Головацкий көшесімен келе жатқан жапон шетелдік көлігінің жүргізушісі жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқаны анықталды. Соққы жанармай багына келген.

Жол апаты фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігінде (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) көзделген тергеу амалдары басталды.

– Құрметті автокөлік жүргізушілері, сіздерден жол қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтауды тағы да талап етеміз. Жол қозғалысы ережелерін елемеу қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін, – деді полицияда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру