Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші ұсталды

Ақмола облысында көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетаудағы Жамбыл Жабаев көшесінде патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Subaru автокөлігін байқап, құжаттарын тексеру мақсатында жүргізушіге тоқтау туралы талап қойды. Алайда ол полиция қызметкерлерінің заңды талабын елемей, қозғалысын жалғастырған. Көлік тоқтағаннан кейін де жүргізуші есікті бірден ашпаған.

Тексеру барысында автокөлікті 29 жастағы жігіт басқарғаны анықталды. Ол бұған дейін жүргізуші куәлігін алмаған. Медициналық қорытындыға сәйкес, жүргізуші орта дәрежелі алкогольдік масаң күйде болған.

Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты заң аясында шара қабылданып, жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру