ШҚО-да мас күйде көлік басқарған азамат 20 тәулікке қамауға алынды
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Серебрянск қаласында 26 жастағы ер адам Mercedes-Benz автокөлігін алкогольдік мас күйде және жүргізуші куәлігінсіз басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер көлікті тоқтатып, жүргізушіні медициналық куәландырудан өткізді. Нәтижесінде оның алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар ер адамның бұған дейін жүргізуші куәлігін мүлде алмағаны белгілі болды.
Іс материалдарын қараған сот құқық бұзушыны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Полиция мас күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың барлығына қауіп төндіретінін ескертеді.
