Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ірі көлемде қоқыс тастаған тұрғынға ескерту жасалды

Алтай ауданында полицейлер белгіленбеген жерге ірі көлемді тұрмыстық қалдықтарды қалдырған тұрғынға қатысты шара қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушылық Алтай қаласындағы Солнечная көшесінде кешкі уақытта тіркелген. Тұрғын ірі көлемді қоқысты контейнер алаңының жанына қалдырып кеткен.

Осы дерек бойынша оған қатысты шара қолданылды. Істі қарау қорытындысымен тұрғынға ескерту жасалды.

Полиция ірі көлемді қалдықтарды кәдімгі тұрмыстық қоқыс контейнерлеріне немесе олардың жанына тастауға болмайтынын ескертеді. Мұндай әрекет ауланың тазалығына нұқсан келтіріп қана қоймай, коммуналдық қызметтердің жұмысына да кедергі келтіреді.

"Заң мен тәртіп" қағидаты әр тұрғынға ортақ. Қоғамдық орындардың тазалығын сақтау – тек коммуналдық қызметтердің емес, әрбір азаматтың міндеті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру