Үлкенге құрмет – ізгі тәрбиенің бастауы
Ақтөбе облысында "Жас сақшы" сыныбының оқушылары жалғызбасты қарияларға қамқорлық жасауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет — халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл өнегесі. Осы тағылымды өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп, мейірім мен жанашырлыққа баулу – ізгі тәрбиенің негізі. Ақтөбелік “Жас сақшы” оқушыларының игі бастамасы – осы тәрбиенің жарқын көрінісі.
“Таза Қазақстан” жалпыұлттық бастамасы аясында ақтөбелік жас өрендер қоғамдық пайдалы жұмыстарға ерікті түрде атсалысуда. Олар жалғызбасты қариялардың үйі мен ауласын тазалап, күнделікті тұрмыстық шаруаларына қолғабыс етуде.
Бұл – жай ғана тазалық жұмысы емес, жас ұрпақты еңбекқорлыққа, мейірім мен жанашырлыққа баулудың өнегелі үлгісі.

Айта кетейік, “Жас сақшы” полиция сыныптары өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталған. Мұндай игі бастамалар олардың бойына мейірім мен жанашырлықты сіңіріп қана қоймай, олардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, елге қызмет етуге деген ұмтылысын нығайта түседі.
