Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД Қазақстан полициясы күнін атап өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінде Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент басшылығы қызметтік борышын атқару уақытында қаза болған қызметкерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткіш алдына гүл шоқтарын қою рәсімімен бастады.

Іс-шараның басты бөлігі Армия үйінде жалғасын тапты. Мерекелік шараға Алматы облысының ҚАЖ ардагерлері, Ұлттық ұланның 3660 әскери бөлімінің басшысы және қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Ербол Ержановтың Отбасы шақырылды. ҚАЖ департаментінің және оған қарасты мекеме қызметкерлері қатысты.

Салтанатты түрде Мемлекеттік ту шығарылып, департамент бастығы қызметтік борышын адал атқарған қызметкерлерді марапаттап, ардагерлермен қайтыс болған қызметкердің Отбасына алғыс хатпен сыйлықтар табыстады.

Іс-шара ҚАЖ департаментінің арнайы түсірілген “Міндет. Абырой. Ерлік.” қысқаметражды фильмінің алғашқы көрсетілімімен жалғасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру