Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алды

Алматыда қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясы күні Алматының тәртіп сақшылары қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әріптестерін еске алды.

Қонақтар алдында сөз сөйлеген Алматы полициясының бастығы Арыстанғани Заппаров тәуелсіздік жылдарында 80-нен астам алматылық полицей қызметтік міндеттерін атқару кезінде көз жұмғанын, оның 37-сі қылмыспен ымырасыз күресте қаза тапқанын атап өтті.

– Олардың барлық жоспарлары мен үміттерін жүзеге асырмай, бейбіт заманда, жас кезінде халқы мен Отаны үшін жанын қиғаны қиын. Олардың ерлігін өмірінің соңғы минуттарында қасында болған әріптестері де, әкелерінің ерліктері жайында естіп өсетін балалар да ұмытпайды, – деді Арыстанғани Заппаров.

Кәсіби мерекелерінде ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін Алматы қаласының 300 тәртіп сақшысы марапатталды.

– Полицей болу – қоғамға адал болу деген сөз. Өйткені біздің азаматтардың мүддесі, тыныш және қорғалған өмірі өз өмірінен жоғары тұрады. Біз адал және мінсіз қызмет ететін, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін өздерінің жеке жауапкершілігін анық түсінетін мамандарымызды мақтан тұтамыз. Бүгінгі таңда Алматы полициясында қылмысқа қарсы күрес жүргізу, заңдылық пен тәртіпті нығайту және қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер бар. Ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрамды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Зор денсаулық, бейбітшілік, бақ-береке, бақыт, мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен өркендеуі жолында табыс тілеймін, – деді Арыстанғани Заппаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру