Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысы ПД-да 120-дан астам қызметкер марапатталды

Жетісу облысы полиция департаментінде Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ мен ПД басшылығының бұйрығымен қызметтегі ерекше еңбегі үшін 120-дан астам қызметкер ведомстволық наградалармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.


Іс-шара дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының әнұранын орындалуынан және қызмет атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

– Қазақстан полициясы күні – қазақстандық полицияны жанқиярлықпен құрып, оның қатарында еңбек еткендердің барлығына алғыс белгісі. Бұл өз ісіне адал қызмет етіп, халықтың құрметіне ие болған ардагерлерге ризашылық білдіру. Бұл күні әріптестер мен ардагерлерді Жетісу облысы полиция департаментінің жеке құрамы және өз атымнан кәсіби мерекемен құттықтағым келеді. Біздің қиын жұмысымызда кәсіби шешімдер мен жаңа жеңістер, жарқын естеліктер мен қуанышты сәттер көп болсын! Әр отбасына тыныштық пен амандық, ашық аспан және туған еліміздің өсіп-өркендей беруін тілеймін!, – деп атап өтті департамент бастығы Атығай Арыстанов.


Бес қызметкер бір саты жоғары арнаулы атақ алса, екеуіне мерзімінен бұрын берілді. Бірқатар қызметкер ведомстволық медальдармен, төсбелгілермен және грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ ардагерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру