Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық тұрғын өзгенің ақшасын алаяқтық жолмен есепшотына аударып алған

Түркістандық тұрғын өзгенің ақшасын алаяқтық жолмен есепшотына аударып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, жеке есепшотынан ақша ұрланғанын жеткізді. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, таныс емес әйел оның телефонындағы kaspi.kz қосымшасы арқылы 500 мың теңге ақшасын жымқырған.

Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Жан-жақты тексеру барысында тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті әйел жәбірленушімен бірге ішімдік ішкен. Ақша аудару барысында оның құпия санын көріп алған. Содан кейін жәбірленушіден бір танысына хабарласып алу үшін телефонын сұрап, ақшасын аударып алған.

Қазіргі уақытта аталған жайттарға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру