Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері Президенттік тестілеу бойынша Қазақстан Республикасының VIII чемпионатында жеңіске жетті

Алматыда 11-16 маусым аралығында Президенттік тестілеу бойынша Қазақстан Республикасының VIII чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған спорттық шараға Астана қаласы ПД қызметкерлері де қатысып, жеңіспен оралды. Атап айтқанда 197 қатысушының арасында жас ерекшеліктеріне орай полиция қызметкері Ізбасар Мусабеков 100 метр жылдамдыққа жүгіруде және тұрып ұзындыққа секіруде 1-орын, кермеге тартылуда 2-орын,1 км қашықтыққа жүгіруде 3-орынды иеленіп, 32-39 жас аралығында абсолютті чемпион болды.

Ал қыздар арасында Қуаныш Шакенова 32-39 жас аралығында гимнаст жаттығуында және 1 км қашықтыққа жүгіруде 2-орынды иеленіп, күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ ең жас қызметкер Нұрдаулет Кубеев 18-23 жас аралығында ұзындыққа секіруден 3-орын, кермеге тартылудан 2-орын алып, қола жүлдеге қол жеткізді.

Жалпы есеп бойынша спорт клубтары арасындағы 15 команданың ішінде Астана қаласы ПД қызметкерлері ерекше нәтиже көрсетіп, 1-орынға қол жеткізді. Тәртіп сақшыларын спорт саласына бағыттап, спорттың дамуына үлесін қосып, команданы жеңіске жетелеген команда капитаны, спорт шебері Рустем Тургунов ұжымның мақтанышы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру