Сарыағашта таныс көршісіне сенген тұрғын 8 млн теңгесінен айырылып қалды
Сарыағашта таныс көршісіне сенген тұрғын 8 млн теңгесінен айырылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, таныс көршісі мал қора сатып алып беремін деп сендіріп, алаяқтық жолмен 8 миллион теңге ақшасын жымқырып, бір жыл бойы алдап келгенін көрсеткен.
Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.
Аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Анықталғандай, күдікті қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Сондай-ақ осындай жалған уәде беріп, тағы бір тұрғынды алдап үлгерген.
Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.