Түркістан облысында тәуелсіздікпен құрдас 121 сақшы қызмет етеді
Түркістан облысында тәуелсіздікпен құрдас 121 полицей қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл еліміз арайлы азаттығының 34 жылына қадам басып отыр. Сол жылы дүниеге келген арманы асқақ, өресі биік ұл мен қыз да қазір 34 жасқа толды. Олар бүгінде бір-бір саланы тізгіндеп, қатарының алды атанып, өңірдің дамуына өзіндік үлестерін қосып келеді. Ел тыныштығына жауап беретін ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында да тәуелсіз елдің құрдастары бар.
Түркістан облысының полициясында тәуелсіздікпен құрдас 121 полицей қызмет етеді. Олар бұл салаға әр жылдары келгенімен, бәрінің ұстанымдары бір.
- Біз Отан үшін адал қызмет етуге әрқашан дайынбыз! Тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен тәртібін қорғау біз үшін үлкен жауапкершілік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - дейді ел егемендігімен құрдас тәртіп сақшылары.
