Жетісай тұрғынынан гашиш тәркіленді
Жетісай тұрғынынан гашиш тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен 50 жастағы ер адамды ұстады
Тінту кезінде Жетісай ауданының тұрғынынан өсімдік тектес зат салынған полиэтилен пакет пен 6 қағаз орамасы табылып, тәркіленді. Сараптамаға алынған заттың жалпы салмағы 200 грамнан асатын гашиш болып шықты.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданады.
