Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада бір аптада 65 жасөспірім полицияға жеткізілді

Қызылордада ювеналды полиция қызметкерлері бір аптада рейдтік жұмыстар аясында 78 әкімшілік хаттама рәсімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлім қызметкерлері күн сайын жасөсіпірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырады.

​Мәселен, бір апталық рейдттік шаралар жүргізіліп, полицияға 65 жасөспірім жеткізілді. 78 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: кәмелетке толмағандардың түн тыныштығын бұзудың 3 дерегі тіркелді. Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында және түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуына жол бергені үшін 65 ата-ана анықталды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 12 жасөспірім орналастырылды.

– ​Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін болмау керек. Егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалса, құқық бұзушыларға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, – деді Қызылорда қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы Айдос Прежекенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру