Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінде жедел кеңес өтті
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 2023 жылдың алты айында атқарылған жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары бойынша департамент бастығы Теңізжан Жәнібековтың төрағалығымен жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел кеңеске «Еңбек-Шымкент» РМК филиалының басшысы М.Әлімқұлова, Түркістан облысы прокуратурасы 6-басқармасының аға прокуроры М.Әбілбашаров, N:6698-ші әскери бөлімінің штаб бастығы Н.Сакибеков, адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органның Түркістан облысы бойынша уәкілі Н.Қожабекова, департаментке қарасты мекеме және пробация бөлімдерінің бастықтары қатысты.
Жедел кеңеске төрағалық етіп отырған департамент бастығы Теңізжан Жәнібеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің алқа отырысының қорытындылары бойынша берілген тапсырмаларына тоқталды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Құқықтық тәртіпті нығайту және қылмысқа қарсы күресті күшейту мәселелері» жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысына назар аударып, департаментке қарасты мекемелерге, салалық басқармалар мен бөлім қызметкерлеріне нақты тапсырмалар жүктеді.