Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қылмыс саны 34%-ға азайды

Алматыда қылмыстық ахуал тұрақты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда қылмыс 34 пайызға азайды. Мұндай мәліметтерді еліміздің ірі шаһарының полицейлері ПД қызметі мен бөлімшелерінің ағымдағы жылдың 6 айындағы жұмысының қорытындысын шығара отырып, келтіріп отыр.

Мына қылмыстардың саны азайды:

– аса ауыр қылмыс саны – 2,5 есе;

– ауыр қылмыс – 40,1%-ға;

– кісі өлтіру – 7,5 есе;

– қарақшылық шабуылдар – 2,3 есе;

– адам денсаулығына ауыр зиян келтіру – 30,1%-ға, оның ішінде өлімге әкеп соққан деректер – 27,8%-ға;

– зорлау – 2,2 есе;

– интернет-алаяқтық – 13,6%-ға;

– тонау – 11,8%-ға;

– бөтеннің мүлкін ұрлау – 44,0%-ға;

– бұзақылық – 7,8 есе;

– алаяқтық – 16,1%-ға;

– мас күйінде жасалған қылмыс саны – 21,0%-ға;

қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтар саны – 6,2%-ға, оның ішінде көшеде жасалған құқық бұзушылықтар 26,5%-ға азайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру