Ақтөбедегі ҚАЖ қызметкерлеріне заң бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңес өтті
Ақтөбедегі тергеу изоляторының жеке құрамына заң бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңес отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 мекеменің жеке құрамына заң бұзушылықтың алдын алу бойынша жедел кеңес отырысы өтті.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюповтың төрағалығымен өткен кеңес отырысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаментінен келіп түскен заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынысы қаралды. Сонымен қатар жеке құрамға қолданыстағы құқық қорғау қызметі туралы Заңы, мемлекеттік қызмет, “Ар-намыс” кодексі талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кеңес отырысын қорытындылаған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов мекеме қызметкерлеріне заң бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды одан әрі күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.