Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері тараздық төрт тұрғыннан 29 келі есірткі тәркіледі

Көлік полицейлері тараздық төрт тұрғыннан 29 келі кептірілмеген марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 шілдеде көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері «Қарасора – 2023» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында, қызметтік-іздестіру итімен Түрксіб станциясының өткелінде Мазда автокөлігін анықтап, тоқтатты. Көлікте 39 жастағы көлік жүргізушісі және Тараз қаласының 3 тұрғыны болды.Тексеру кезінде автокөліктің жүксалғышынан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 29 келі 140 грамм, яғни аса ірі көлемдегі кептірілмеген марихуана есірткі заты болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта сот ұсталғандарға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс бойынша өзге де мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне орай жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру