Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда Жанбай полиция бөлімшесінің жаңа ғимараты ашылды

Атырауда Жанбай полиция бөлімшесінің жаңа ғимараты ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Исатай ауданды, Жанбай ауылындағы қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшыларына заманауи талаптарға сай қажеттіліктермен қамтамасыз етілген жаңа ғимарат салтанатты түрде ашылды. Салтанатты шараға Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев пен Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов, аудандағы ішкі істер органдарының ардагерлері, жергілікті тұрғындар мен полиция бөлімінің жеке құрамы қатысты.

– Бүгін заман талабына сай салынған ғимараттың ашылу салтанатына қатысып отырмыз. Полицейлердің қызметіне оң ықпал етуге жақсы жабдықталған жұмыс орнының да септігі тиетіні анық. Полицияның алдында тұрған басты мақсат пен міндет – халыққа адал әрі абыройлы қызмет ету. Полицияның сервистік моделін енгізуде, сондай-ақ «Жұртқа жақын полиция» қағидатын қамтамасыз ету барысында нәтижелі жұмыс атқару күн тәртібінде тұрған мәселе. Аудандық полиция бөліміне тұрғындар игілігіне қызмет етіп алғысына бөленулеріңізді тілеймін, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев. 

Исатай ауданы полиция бөлімінің Жанбай полиция бөлімшесінің жаңа ғимараты толықтай заманауи техникамен жабдықталған. Сонымен қатар қызметтік автокөлік гаражы мен уақытша оқшаулау камералары, бейнебақылау жүйесі де қамтамасыз етілген. Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жанбай полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне арналған қызметтік пәтердің де жөндеуден өткенін, тұрғындар тыныштығын қамтамасыз етуде аянбай еңбек ететін полицейлерді қолдайтынын жеткізді. Айта кетейік, ғимараттың ашылу салтанатынан соң департамент бастығы тұрғындар мен аудан полицейлерімен кездесу өткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру