Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда заңсыз жұмыс істеген азаматтар ұсталды

­Алматыда еңбек қызметін заңсыз жүргізген нигериялық азаматтар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы көші-қон қызметінің мәліметінше, Алматының Бостандық ауданындағы Қазақфильм ықшамауданындағы корпустардың бірінен Нигерияның 4 азаматы анықталды. Олар еңбек қызметін заңсыз жүргізіп, жұмысшы болып жұмыс істеген.

Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылады және елден шығарылады.

Еске салайық, бүгінде Алматыда жедел жағдайды жақсартуға, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңсыз көші-қон деректерінің жолын кесуге және басқа да заңсыз әрекеттерді анықтауға бағытталған “Участок” жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру