Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының полициясы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі бойынша жұмысты күшейтті

4 жасар баланы көлік қағып кетті. Ақмола облысының полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі бойынша жұмысты күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 тамызда Көкшетау қаласының аумағында Honda Odyssey көліктің 32 жастағы жүргізушісі Қуанышев көшесімен шығыс бағытта жүріп келе жатып, жүріс бөлігінен өтіп бара жатқан 4 жасар жаяу жүргіншіні басып кетті. ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған бала “ЖБМЖ, МШ, сол жақ жіліншіктің ашық сынуы” диагнозымен травматологиялық бөлімшеге жатқызылды. Сараптама тағайындалды.

Осы фактіге қатысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық істі бастады.

Жол жүрісінің барлық қатысушысы жолды белгіленбеген жерде немесе бағдаршамның тыйым салатын сигналына жүгіре отырып, төтенше жағдай туғызуға ықпал ететіндерін, өмір мен денсаулыққа елеулі қауіп төндіретінін білуі керек. Жаяу жүргіншілер мен балалардың қатысуымен болған ЖКО деңгейін тұрақтандыру мақсатында 22 жаяу жүргіншілер өткелі (3 реттелетін және 19 реттелмейтін), 89 балалар макеті, жүргізушілердің көз назарын аудару үшін, сондай-ақ патрульдік полицияның (оның ішінде оқу орындарының жанындағы 42 жаяу жүргіншілер өткелдерінде) қатысуының әсерін көзбен көру үшін қызыл-көк түсті 99 стробоскоп, 9 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі проекциялық жарықтандыру орнатылды. Жол қозғалысы қауіпсіздігі және жол қозғалысы ережелерін сақтауға үгіттеу тақырыбымен 57 билборд орнатылды. 22 бағдаршам объектісін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ 500-ден астам жол белгілері орнатылды.

– Ақмола облысының барлық тұрғындары мен қонақтарының назарына! Сіздің өміріңіз бен денсаулығыңыздың қауіпсіздігі үшін жолдың жүру бөлігін қатаң белгіленген жерлерде, жаяу жүргіншілер өткелдерінде және бағдаршамның рұқсат беру сигналына өту керек, – деді Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының Уәлихан Жүніспеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру