Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер алаяқтық фактілері туралы ескертеді

Есіл ауданы полиция басқармасының аумағында интернет-алаяқтық саласындағы қылмыс өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,7%-ға өскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда осы саладағы қылмысты жасаудың ең көп тараған түрі – жалған хабарламалар бойынша жоқ тауарлар мен қызметтерді сатып алу. Бұл жерде оның міндетті шарттарының бірі: тауарды алғанға дейін алдын ала төлем жасау, әртүрлі жобаларға, ойындарға, ставкаларға ақша салу, сондай-ақ өзін банк қауіпсіздігі қызметінің қызметкерімін деп таныстыратын адамның сұрауы бойынша басқа шоттарға ақша жіберу.

Бұған қоса, алаяқтықтың тараған бір түрі – азаматтардың банк шоттарына қол жеткізу үшін олардың дербес деректерін пайдалану. Әдеттегідей, жәбірленушілер фишингті сайттарға кіріп, өздерінің деректерін енгізеді немесе күдіктілер жоғалған, ұрланған құжаттарды пайдаланады.

Көбінесе бұндай қылмыс түрлері шет елде жасалады. Ұрланған ақша қаражаттары басқа елдің аумағында қолма-қол ақшаға ауыстырылады. Алаяқтардың сыбайластары белгілі бір функцияларды орындап, яғни абоненттік нөмірлерін алады, үшінші тұлғалардың карточкаларын ұсынады. Сондай-ақ олар қылмыстың барлық сызбасын және ұйымдастырушыларды білмеуі мүмкін. Байланыс Telegram, Instagram сияқты әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер бойынша жүзеге асырылады. 

Қазіргі уақытта телефон арқылы жасалатын алаяқтықтар көбейіп кеткен. Онда мобильдік нөмірге  белгісіз адамдар хабарласып, өздерін банк қауіпсіздігі қызметінің қызметкерімін   деп таныстырады және алаяқтар сіздің атыңызға белгілі бір сомаға несие алу үшін өтінім берді және осы өтінімнің күшін жою үшін мобильді қосымшасын жүктеу керек деп айтады. Бұл қосымша телефонға толық кіруге рұқсат береді және алаяқтар иесінің көмегінсіз телефонның мәліметтерін пайдалана алады. 

Сондай-ақ оларға банк картасының нөмірін және картаның екінші бетінде жазылған үш санды кодты атауды сұрайды. Алаяқтар жоғарыда көрсетілген деректерді алғаннан кейін банк шоттарынан ақшаны шешіп алады және онлайн түрде несие ресімдейді.

– Соңғы кездері алаяқтықтың мынадай түрі кеңінен таралған. Алаяқтар телефонға қоңырау шалып, олардың туыстары жол-көлік оқиғаларына ұшырағаны және осы мәселені шешу үшін ақша аудару керек деп айтады. Осылайша, полицияға 65 жастағы қала тұрғыны белгісіз адамдардың ішкі істер органдарының қызметкерлеріміз деп өздерін таныстырып, 600 мың теңге ақшалай қаражатын алдап алғаны туралы шағымданды. Алаяқтар оның қызы жол-көлік оқиғасына ұшырап, полицияда екенін және  туындаған проблеманы шешу үшін шұғыл ақша керек деп хабарлаған. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында “курьер” келіп, аталған әйелден ақша алып кеткен 26 жастағы әйел адамды анықтады. Тәртіп сақшылары оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысты екенін анықтады. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қаскүнем Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді Астана қаласы Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Абшекенов.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтардан сақ болуларын, істің мән-жайын анық білмей, бейтаныс адамдарға ақша бермеуін сұрайды. Сонымен қатар егде жастағы туыстарға осындай жағдайға тап болған кезде қандай әрекет жасау керектігі  және заңсыз әрекеттер туралы ішкі істер органдарына дереу хабарлау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуін сұрайды.

Сондай-ақ полицейлер ескертеді:

  егер полиция немесе банк қызметкерлері атынан қоңырау келіп түссе, банк карталарының деректемелерін айтпаңыз, әңгімені әрі жалғастырмай, тоқтатыңыз және банктің Сall-орталығына қоңырау шалыңыз немесе жақын жерде орналасқан банктің бөлімшесіне хабарласыңыз;

  тауар немес әуе билеттер сатып алғаны үшін ақшаны электрондық әмиянға немесе шетелдік шоттарға, сонымен қатар телефондардың шоттарына аудармаңыз;

  жұмысқа орналасу үшін банк деректемелерін және сауалнамаңызды Instagram, Telegram месенджерлері арқылы жібермеңіз, себебі өзіңіз қылмыстың барлық сызбасын және ұйымдастырушылардың ойын білмей, өзіңіз қылмыстың сыбайласы болып қалуыңыз мүмкін. Ал заңды білмеу жауаптылықтан босатпайды.

  интернет арқылы жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы ақпарат алған жайғдайда 8 7172 71 65 58 немесе “102” нөмірі арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру