Өзгеге құрмет өзіңнен басталады: ІІМ жаңа бейнеролик жариялады
Біз кейде өз әрекетіміздің кімге кедергі келтіріп жатқанын байқамаймыз. Көрші үйдің терезесінің ар жағында ұйықтап жатқан бала, тыныштықты қажет ететін қарт адам немесе сырқатынан айығып жатқан ана болуы мүмкін.
Түнгі уақытта қатты музыка қою және өзге де шу шығару айналадағы адамдардың тыныштығын бұзады. Мұндай құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген.
Жолда дрифт жасау да жай дүние емес. Қауіпті маневрлер жүргізушінің өз өміріне ғана емес, жолаушылардың, жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
- Өзара құрмет қарапайым әрекеттерден басталады. Тыныштықты бұзбаңыздар. Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар. Өздеріңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар, - деді Ішкі істер министрлігінің өкілдері.
