Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері көліктен ұрлық жасаған Жамбыл облысының тұрғынын анықтады

Елорда полицейлері көліктен ұрлық жасаған Жамбыл облысының тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы ПД Сарыарқа ауданы ПБ-ның криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 44 жастағы Жамбыл облысының азаматын автокөліктен ұрлық жасады деген күдікпен қолға түсіріп, құрықтады.

Тергеп-тексеру барысында аталған азамат Дүкенұлы көшесінде орналасқан базар аумағында Hyundai автокөлігінің салонынан ебін тауып, қолма-қол ақша мен құжаттары бар әмиянды жасырын ұрлағаны белгілі болған.

Анықталғандай, ұрланған 30 мың теңгені бірден жұмсап үлгеріп, әмиянды лақтырып жіберген.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, жасаған әрекетіне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру