Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жол ережесін бұзған 19 жастағы жеткіншекке жеті хаттама толтырылды

Алматыда жол ережесін бұзған 19 жастағы жеткіншекке жеті хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның заңсыз әрекеті әлеуметтік желілер арқылы белгілі болды. Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімі тексеру ұйымдастырды. 19 жастағы М.есімді азамат анықталды және ұсталды.
Оған қатысты келесі құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс қозғалды:

– ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі – 5 хаттама (Жол белгілерінде белгіленген талаптарды сақтамау);

 ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі (Жол қозғалысына қатысушының төтенше жағдайдың туындауына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы);

ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі (Маневр жасау ережелерін бұзу).

Сонымен қатар жүргізушімен алдағы уақытта жол ережесін бұзудың алдын алу жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру