Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жүздеген қорап темекі өнімін ұрлаған азамат ұсталды

Шымкентте жүздеген қорап темекі өнімін ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне ұрлық жайты туралы хабарлама түсті. Тапа-тал түсте белгісіз тұлға азық-түлік базарының автотұрағына қойылған көліктің салонынан 22 блок темекіні жымқырып кеткен.

Жәбірленушінің айтуынша, ол көліктің есігін кілтпен құлыптамай, бірнеше минутқа ғана қалдырған. Қайтып келгенде сатып алынған заттың жоғалғанын байқаған.
Осылайша, базарға өз дүкеніне тауарды көтерме бағамен сатып алу үшін келген кәсіпкерге шығын келтірілген.

Шақырту бойынша оқиға орнына жедел топ жіберілді. Полиция қызметкерлері күдіктінің жүрген жолын бейнебақылау камераларының көмегімен бақылап, ер адам бір сағатта қолға түсті.

Тергеу барысында оның Еңбекші ауданының аумағында дәл осылай көліктен темекі блоктарын ұрлағаны белгілі болды. Сонымен қатар ұсталған азамат бұрын соңды ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін, іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру