Маңғыстау облысында «Жастар нашақорлыққа қарсы» акциясы өткізілді
Маңғыстаулық рухтастар полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен, М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжімен бірлесіп Ақтау қаласының аумағында есірткі сатуды мақсат еткен арналардың жарнамасын жою бойынша «Жастар нашақорлыққа қарсы!» акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткіге қарсы жазуларды жою, волонтерлікті дамыту, сонымен қатар салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттау.
Жыл басынан бері барлығы 209 есірткіге қарсы құқық бұзушылық анықталды.
– Есірткі қылмысының алдын алу бағыты бойынша 200-ден астам профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Қазіргі уақытта бұл зұлымдықпен куресу үшін халықпен, әсіресе жастар арасында біріге отырып, ауқымды профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, – дейді Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Әмірғалиева Алтынай.
– Бүгін М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінің студенттері болып, облыстық жастар рухымен полиция департаментімен бірлесіп заңсыз граффити жазуларын, есірткі сайттарын жарнамалайтын штрих-кодтарды жоюға шықтық. Бір шағынаудан ішінде 50-ден аса есірткі құралдарын сатып алу арналарының жарнамасын боядық. Осыдан кейін, қазіргі таңда есірткі бизнесі жылдам таралып жатқанына көз жеткіздік, – дейді М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінің студенті Мырзабайқызы Айдина.