Алматыда саябақта жүрген адамдарды тонаған екі күдікті анықталды
Алматыда саябақта жүрген адамдарды тонаған екі күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Олар – 27 және 24 жастағы Алматы облысының тұрғындары. Күдіктілердің бірі бұрын қарақшылық шабуыл және тонау қылмысының жасағаны үшін сотталған.
ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қаскөйлер түнгі уақытта саябақта өтіп бара жатқан адамдарға, негізінен жас жігіттерге шабуыл жасап, олардың телефондарын тартып алған.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын Медеу аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.