Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлеріне азаптауды болдырмауға бағытталған заңнамалық шаралар туралы айтылды

Әлеуметтік-құқықтық дайындық шеңберінде СҚО полицейлеріне азаптауды болдырмауға бағытталған заңнамалық шаралар туралы айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаптауға қарсы іс-қимыл Солтүстік Қазақстан полицейлерінің әлеуметтік-құқықтық дайындық бойынша кезекті сабағының тақырыбы болды. Мұндай сабақтар үнемі өткізіліп тұрады. Тәртіп сақшыларының дене шынықтыру және атыс дайындығымен қатар, құқықтық білімдерінде үнемі жетілдіріп отырады. Бұл жолы олардың алдында облыстық прокуратураның сотқа дейінгі тергеу және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры Әлім Есімов пен СҚО адам құқықтары жөніндегі уәкіл Жанат Жұмабаев сөз сөйледі.

Олардың аудиториясы СҚО ПД және ПБ жедел және тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері болды. Сабаққа сондай-ақ Петропавл қалалық патрульдік полиция батальоны да қатысты.

Полиция қонақтары азаптауға жол бермеуге бағытталған заңнамалық шараларды егжей-тегжейлі қарастырып, тергеу мен анықтаудың заңсыз әдістері үшін жауапкершілік туралы еске салып, мемлекет көздеген адамның конституциялық құқықтарын қорғау тетіктері туралы айтып берді.

– Заңдылықты қатаң сақтау — құқық қорғау органдарының беделін арттырудың басты шарты. Бұл әсіресе сервистік полиция қағидаттарын іске асыру тұрғысынан өзекті. Сондықтан әлеуметтік-құқықтық дайындық сабақтарына адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тұрғысынан ең өзекті тақырыптар шығарылады. Облыстық полиция департаментінің басшылығы облыстық полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға көп көңіл бөледі, – дейді СҚО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы Әбілғазы Ғабдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру