Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның 5 полицейі Қарағандыда өтетін Free fighting ММА-да облыс намысын қорғайтын болады

СҚО-ның 5 полицейі Қарағандыда өтетін Free fighting ММА-да облыс намысын қорғайтын болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да 13-14 қазанда Қарағанды қаласында өтетін ММА Free fighting бойынша Қазақстан кубогында облыстың спорттық намысын қорғауға баратын команда құрамы анықталды.

Іріктеу жарысы «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалы базасында өтті. Спортзалда үміткерлердің жекпе-жегі өтетін октагон орнатылды. Жарыс қорытындысы бойынша командаға 6 жастан асқан 10 жас спортшы кірді. Олар «Жас Динамо» жобасы аясында SUNQAR аралас жекпе-жек федерациясының тегін балалар секциясында оқиды. Жас спортшыларды арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкері Марлен Баранбаев тәрбиелеп отыр. Сондай-ақ командаға СҚО полиция департаменті аппаратының 5 қызметкері енді.

– Қарағандыда өтетін жарыстың нәтижесі ММА free fighting бойынша Азия кубогына іріктеу болмақ. СҚО ПД басшылығы қызметкерлердің спорттық талпыныстарын көтермелейді: спорт мінездің шыңдалуына ықпал етеді, құқықтық тәртіпті сақтау қызметінде қажетті жеке қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Қызметкерлерге қарап, біздің жас балаларымыз отансүйгіштікке, табандылыққа үйренеді, – дейді Мәрлен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру