Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

9 қап марихуанамен ұсталған екі қызылордалық азаматқа сот үкімі шықты

9 қап марихуанамен ұсталған екі қызылордалық азаматқа сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Toyota Camry 40 автокөлігімен екі қызылордалық азамат жолға шыққан. Самара – Шымкент тасжолымен бағыт алған олар көліктің күндізгі жарық шамдарын жақпай, полицейлердің көзіне түскен. Полицейлер тексеру кезінде жүргізушінің техникалық тексеруден өтпегендігін анықтап, көліктің ішінен салмағы 42 келі 682 грамм болатын 9 қап марихуананы тапқан.

Арал ауданына мал сатып алуға барған көрші екі қызылордалық азамат “жаңа тұрғылықты жеріне” қоныс аударуға мәжбүр болды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот үкімімен олардың әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру