Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жүк тиегішті басқарған мас жұмысшы жол апатын жасады

Ақмола облысында жүк тиегішті басқарған мас жұмысшы жол апатын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қыркүйекте сағат 23:15-те Аршалы ауданы полициясының кезекші бөліміне жергілікті ЖШС-нің бірінің өкілінен 6 тамызда Ақбұлақ ауылында жұмысшы мас күйінде жүк тиегішті басқарып, ЖШС мал шаруашылығы фермасының аумағындағы ғимарат пен ИСРК-8 Хозяин астық ұсақтағышына соқтығысқан. Залал сомасы 5 214 359 теңгені құрады.

Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 202-бабы (Мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бұл 40 жастағы жұмысшы бұрын сотталғанын және “пәтер ұрысы” санаты бойынша есепте тұрғанын анықтады. Полиция қызметкерлері оны анықтаған кезде ол мас күйінде болды.

Осыған байланысты полицейлер оған ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамға беру) бойынша әкімшілік хаттамасын жасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру