9 қап марихуанамен ұсталған екі қызылордалық азаматқа сот үкімі шықты
9 қап марихуанамен ұсталған екі қызылордалық азаматқа сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Toyota Camry 40 автокөлігімен екі қызылордалық азамат жолға шыққан. Самара – Шымкент тасжолымен бағыт алған олар көліктің күндізгі жарық шамдарын жақпай, полицейлердің көзіне түскен. Полицейлер тексеру кезінде жүргізушінің техникалық тексеруден өтпегендігін анықтап, көліктің ішінен салмағы 42 келі 682 грамм болатын 9 қап марихуананы тапқан.
Арал ауданына мал сатып алуға барған көрші екі қызылордалық азамат “жаңа тұрғылықты жеріне” қоныс аударуға мәжбүр болды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот үкімімен олардың әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.